Атырауда әйел емшіге барғаннан кейін ажал құшты

20170519194951 Жаңалықтар

ҚазАқпарат – Атырауда мүгедек әйел емшінің емдеуінен кейін қайтыс болған. Бұл оқиға бойынша емші сотқа тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

20170519194951

«Атырау облысының Махамбет аудандық соты ҚР ҚК 104-бабының 1-бөлігі бойынша О.Н-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Сотта жәбірленушінің ұлы телефон бойынша емшіге полиартрит дердімен байланысты 13 жыл төсек тартып жатқан 2-топтағы мүгедек анасын емдеуге апаруға келіскен. Емдеу кезінде емші жәбірленушінің ауыратын аяғын күшпен тартып, қолымен тізесінен басады. Осы жайттан кейін науқас есінен танып, жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізіледі. Ол аудан ауруханасында травматикалық шоктан қайтыс болды», – делінген Махамбет аудандық соты таратқан баспасөз баянында

Сот үкімімен азамат О.Н. ҚК 104-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз