Атырауда «Туған жер» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті (ФОТО)

IMG 7908 Жаңалықтар

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің конференция залында «Туған жер» ғылыми-тәжірибелік семинары өтті.

IMG_7908

Мұндағы мақсат – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын түсінуде жас қазақстандықтардың бойында отаншылдық сезімін ұялату.

Семинарға облыстық және қалалық білім беру ұйымдарынан жүзге тарта мұғалім және жаратылыстану-география, тарих факультетінің отыздан аса студенті қатысты. Аталмыш шарада өскелең ұрпақтың азаматтық-патриоттық тәрбиесінің өзекті мәселелері, «Туған жер» бағдарламасын іске асырудың ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері, өлкетану жұмыстарын ғылыми-әдістемелік алып жүруді ұйымдастыру, білім беру ұйымдарында білім мен тәрбие беру ортасындағы толеранттылықты қалыптастыру мәселелері талқыланды.

IMG_7909

Елбасымыз өзінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап көрсеткендей, кездесу мазмұны жастарымыздың ой-санасын патриоттық тәрбиеге бағыттай отырып, өлкеміздің өшпес тарихы мен жәдігерлерін ұлықтаумен ерекшеленді.

«Шынайы патриотизм – барлық жеке мүдделерден жоғары тұратын, адам рухының асқар шыңы. Нағыз отаншылдықтың басты өлшемі әрбір қазақстандықтың елі мен халқы алдындағы парызын терең түсіну керек»,-деді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Шахман Нағымов.

IMG_7912

Университеттің қауымдастырылған профессоры Амангелді Шамғонов, оқу орындарында өлкетану жұмыстарының жүргізілу жайымен таныстырса, тарихшы-өлкетанушы Вячеслав Афанасьев «Атырау қаласы жанару жылдарында» тақырыбындағы баяндамасы әрбір тыңдарманға өзінің туған қаласына деген мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін ұялатты. Ал, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекттік инспекция басшысының орынбасары Фархад Байдәулетов тақырыпқа байланысты өзінің пікірін білдірді.

Талқылау кезінде мектептерде өлке тарихын, сол өңірден шыққан ұлы тұлғалар өмірін зерттеп, зерделеу шараларын қолға алуға ұсыныстар қабылданды. Барша жасұландарын терең білімге, салауатты өмір салтын ұстануға, Отанымыздың бейбітшілік саясатын, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын баянды етуде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда белсенді болуға шақырды.

Гүлдана Жамбозова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз