Атырауда тапаншамен қаруланған жігіт ломбардты тонап кетті (ВИДЕО)

jiy8qd mwtq0 Жаңалықтар

Атырауда кеше қаруланған жігіт ломбардқа шабуыл жасап, оны тонап кеткен. Ұрлық жасаған азаматтың аты-жөні анықталған, бүгінде іздестірілу үстінде. Бұл туралы редакциямызға Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

jiy8qd_mwtq0

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қыркүйек күні түс ауа қаладағы «Ломбард – быстрые деньги» кеңсесінің қызметкері полицияға хабарласып, тонап кеткенін айтқан. Оның сөзінше, ломбард кеңсесіне бейтаныс жігіт кіріп, оны тапаншамен қорқытып, кассадан 241 741 алып кеткен.

– Бүгінгі таңда осы қылмысқа қатысы бар күдіктінің аты-жөні анықталды. Оның 1991 жылғы Атырау қаласының тумасы екені белгілі болды. Ол іздестірілу үстінде. Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызмет.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз