Атырауда түзеу мекемесінде көшпелі көрме өтті (ФОТО)

IMG 6288 Жаңалықтар

Атыраудағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілерді тәрбиелеудің жаңаша тәсілдері іске қосылуда.

IMG_6288

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау облысы дін істері басқармасы «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығымен бірлесіп, УГ 157/9 түзеу мекемесінде көшпелі көрме өткізді. Көрмеге Атырау облыстық өлкетану музейінде сақталған құнды жәдігерлер әкелініп, сотталғандарға көне мұра, қазақтың өткені, тарихы туралы кеңінен ақпарат берілді.

IMG_6287

Атырау облысы Дін істері басқармасының өкілі Мейрам Қиқымбаевтың айтуынша, сотталған азаматтар заң алдында жауапқа тартылғанымен, адам ретіндегі моральдық құқықтан ажырамайды. «Өлкетану музейінің көшпелі көрмесі біз қолға алған жобаның бастамасы. Алға қарай түзеу мекемелеріндегілер спорттық шараларға қатысып, филармония өнерпаздарының концерті, театрлық қойылымдарды тамашалай алатын болады»,-дейді ол.

IMG_6286

УГ 157/9 түзеу мекемесінің бастығы, Әділет подполковнигі Ерлан Дәулетқалиевтың айтуынша, қазіргі таңда ерлер түрмесінде істі болған 430 адам отыр. Оның ішінде дені есірткі қолдану, сату, тасымалдау, алаяқтық бабымен сотталған Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Орал қалаларының тумалары.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз