Атырауда тұңғыш Президент күніне орай қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО)

IMG 6540 Жаңалықтар

Атырауда тұңғыш Президент күніне орай қайырымдылық шарасы өтті. Мереке қарсаңында жергілікті меценаттар аз қамтылған отбасындағы 120 анаға қолдау білдірді,-деп xабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG_6540

Мерекелік қайырымдылық шара «Өнерпаз» ЖШС басшысы Әлия Бекқожиеваның бастамасымен ұйымдастырылған.
«Біз жергілікті атқарушы органдардың кез-келген бастамасын қолдай отырып, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге дайынбыз»,-дейді Әлия Бекқожиева.

IMG_6541

Қайырымдылық асында қонақтарға «Құрманғазы» атындағы мәдениет үйінің шығармашылық тобы ерекше көңіл күй сыйлады. Шара соңында қатысушыларға өңір кәсіпкерлері дайындаған азық-түлік себеті тарту етілді.

«Барлығына белгілі, жаңа жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа бағыты енгізіледі. Осы жиынға қатысқан барлық әйелдер қауымы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік жобалар тізіміне тіркеледі. Аталған шара көмек көрсету тек қана мемлекет тарапынан қаржылай көмек емес, сонымен қатар кәсіпкерлер мен өзге де демеушілер тарапынан көрсетілетін қайырымдылық жәрмеңкелері арқылы да жүзеге асатынына дәлел»,-дейді Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз