Атырауда Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Баннер Кешью Жаңалықтар

Атырауда Тәуелсіздік күні мерекесіне орай тапсырылатын әлеуметтік нысандар мен өткізілетін мәдени-көпшілік шаралар бағдарламасын назарларыңызға ұсынамыз.

Баннер Кешью

14 желтоқсан күні, сағат 11:00-де Геолог ауылы, «Мирас» ықшамауданында 165 орындық жаңа балабақшаның ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 12:00-де Томарлы ауылында жеңіл атлетикалық және футбол стадионының ашылу салтанаты болады.

15 желтоқсан, сағат 19:30-да «Сұлтан Бейбарыс» алаңында (облыстық әкімдік алды) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тұғыры биік – Қазақстан» атты мерекелік гала-концерт өтеді. Кеш қонағы: «Кеш You» тобы.

Сағат 22:00-де аталған алаңда мерекелік отшашу болады.

Ал, сағат 19:00 – 01:00 аралығында «Сарайшық» коммуналдық базарында азық-түлік өнімдерінің түнгі жәрмеңкесі өткізіледі.

Безымянный банер (1)

16 желтоқсан күні, сағат 11:00 – 12:00 аралығында «Сұлтан Бейбарыс» алаңында (облыстық әкімдік алды) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған мәдени сазды бағдарлама ұйымдастырылады.

16-17 желтоқсан күндері, сағат 09:00-де «Сарайшық» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болады.

17 желтоқсан күні, сағат 11:00 және 15:00-де Геолог ауылындағы «Шаңырақ» балалар үйі мен қаладағы Қарттар үйінде қайырымдылық концерті өтеді деп жоспарлануда.

Айдос Қарабала

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз