Атырауда су добынан ел біріншілігі өтті

i 2 Жаңалықтар

Орталық жүзу бассейнінде 9-14 мамыр аралығында су добынан ел біріншілігі өтті. Оған еліміздің алты аймағынан командалар қатысып, өзара бақ сынасты.

i

«Атырауда мұндай жарыс төрт жылдан бері өткізіліп келеді. Мұнда әр команда 13 адамнан құралған» дейді аталмыш спорт түрінен жаттықтырушы Ернар Қойлиев.

Жарыс нәтижесінде атыраулық команда жеңіс тұғырынан көрініп, 2015 жылғы табысты қайталады. Олар ақтық сында қарағандылық ойыншылардан басым түсті. Ал, Тараз қаласынан келген қатысушылар үшінші орынды қанағат тұтты.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз