Атырауда үшем дүниеге келді

20170301124240 Жаңалықтар

ҚазАқпарат – Атырау облыстық перзентханасында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

20170301124240

«Бұл біздің отбасымыз үшін тосынсый болған жоқ.Өйткені балаларымыздың үшеу болатындығын ультрадыбыстық зерттеу қорытындысы арқылы алдын ала біліп, дайындалдық. Бұл – біздің алғашқы балаларымыз. Үшеуі де қыз. Оларға Ақерке, Назерке және Жанерке деген есім бердік. Есімдері ұқсас болғанмен, олар әртүрлі екенін шамалауға болады. Олардың салмағы да әртүрлі. Тұңғышымыздың салмағы 2080, ортаншы қызымыздың салмағы мүлдем аз – 1490 грамм, ал кенжеміздің салмағы 1890 грамм болды», – деді үшемнің әкесі Жасұлан Нұғманов.

Бірден көпбалалы әке атанған Жасұланның айтуынша, отбасында үшемнің дүниеге келетінін білгенде, бұрын-соңды әулетінде мұндай болған/болмағандығын сұрастыра бастапты. Жеті атасына дейін түгендеп, әулеттерінде үшем түгілі, егіздердің де болмағаны білген.

Бұл Атырауда осы жылы туған алғашқы үшем.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз