Атырауда резерват өртеніп, қала түтінге оранды

7D5MokufKK4 Жаңалықтар

Атыраудағы резерваттың өртенуі салдарынан қаланы түтін басып кетті.

7D5MokufKK4

«Ақ Жайық» табиғи резерватында қамыс өртенді. Өрт жылдам тарап, 7 гектар аумақты бірден жалын шарпыды. Қатты жел салдарынан түтін резерват аумағынан Атырау қаласының аумағына таралып, қаланы тұтастай түтін басты.

«Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен резерват инспекторлары өртті ауыздықтады. Жайықтың сағасында кішігірім аумақта ғана қалып отыр, ол жер батпақты болғандықтан, өрт сөндіруші көліктің жетуі қиын. Өртті сөндіруге 25 қызметкер және 5 техника жұмылдырылған», – деп мәлімдеді Атырау облыстық ТЖД.

Резерватпен бірге қоқыс үйіндісі де өртенген. Оны сөндіруге 15 адам және 2 техника жұмылдырылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз