Атырауда орталық көпірден секірмекші болған 17 жасар қызды полицейлер құтқарып қалды (ВИДЕО)

1 6 Жаңалықтар

Атырауда орталық көпірден секірмекші болған 17 жасар қызды полицейлер құтқарып қалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Оқиға 8 қараша күні, сағат 12:00 шамасында болған. Көпір үстінде қызметтік көлікпен келе жатқан қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері – сержант Ринат Ақбалин мен аға сержант Талғат Өтемұратов, көпір қапталынан секіргелі тұрған бойжеткенді байқап қалады. Сөйтіп тоқтай қалып, жас қыздың өз-өзіне қол жұмсауына мүмкіндік бермеген.

Бүгінде суицид құрбаны болудың аз-ақ алдында қалған жас қыздың жеке-басы анықталып отыр. Ол – 2000 жылы туған, қаладағы орта оқу орындарының бірінде оқитын студент болып шықты.

Қазіргі таңда Қылмыстық Кодекстің 105-інші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Айқара Ғұмар

Видео Атырау облыстық ІІД-нің Facebook-тегі парақшасынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз