Атырауда Мақат ауылының әкімі 7 жылға сотталды

jpg Жаңалықтар

Атырау облысы Мақат ауданы Мақат селолық округінің әкімі Жанболат Жүнісов ауыл тұрғындарынан алаяқтық жолмен пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы редакциямызға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті хабарлады.

jpg

Департаменттің хабарлауынша, бүгінде Мақат селолық округінің әкімі Жүнісов Жанболат Атырау қаласының тұрғындарынан жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алуға ықпал жасау үшін, азаматтардың 15,7 млн. теңге ақша қаражаттарын алаяқтық жолымен заңсыз иемденгені бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталған.

Атырау қалалық сотының үкімімен Ж. Жүнісов заңсыз табылған мүлкі тәркіленіп, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз