Атырауда кір сабын өндіріледі

arular 9 Жаңалықтар

Мұнайлы өңірде тағы бір жоба іске асырылғалы отыр. Оны 2013 жылдан кір жуу құралдары мен тұрмыстық химияның көтерме саудасымен, сондай-ақ, жүк тасымалымен айналысып келе жатқан «TRADE SOLUTIONS» жеке кәсіпорны қолға алды.

arular-9

Аталған кәсіпорын басшысы Шыңғыс Исекеев сабын өндірісін бастау үшін қажетті жабдықты сатып алуды көздепті. Оның бұл жобасына «Қазақстан халық банкі» АҚ қолдау білдірді. Нақты айтқанда, банк кәсіпкерге жылдық үстемесі 8,5 пайызды құрайтын 5 млн. теңге несие беруді ұйғарды.  Ал, «Даму» қоры 4,2 млн теңгеге  кепілдік ұсынып отыр.

– Атырауда кір сабынға сұраныс бар. Демек, бұл жобаны іске асырудың  қажеттілігі зор, – дейді кәсіпкер Шыңғыс Исекеев.

Б.ХАМИТҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз