Атырауда киіктер туралы фотокөрме ашылады

48363446 723405941375225 4426653402772013056 n Жаңалықтар

Атыраудағы «BAIZAAR Mall» ойын-сауық орталығында «Ұлы дала киесі» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтеді.

48363446_723405941375225_4426653402772013056_n

Шараны «National Geographic Qazaqstan» журналы және «Каспий Құбыр Консорциумы» бірлесе ұйымдастырып отыр.

Мұнда киіктер туралы фотосуреттер жиынтығы көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылмақшы.

Жалпы, көрме 20 күнге созылады деп жоспарланған.

Киіктер туралы фотокөрменің ашылу салтанаты 14 желтоқсан күні, сағат 11:00-де болады.

Анықтама үшін: Тас дәуірінде Батыс Еуропаға дейін тіршілік еткен киік бүгінде Моңғолия, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталып қалған. Олардың 90 пайызы қазақ жерінде мекендейді.

Киіктердің тағы бір ерекшелігі – ешқашан жетім қалған лақтарын далаға тастамайды. Ал, кез келген киік жолынан маңырап шыққан құралайды кездестіре қалса, жанына барып емізіп, өзімен ертіп әкетеді.

Айдос Қарабала

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз