Атырауда әкесімен жанжалдасқан жігіт өзін өртеп жіберді

1 41 e1516687383213 Жаңалықтар

Әкесімен сөзге келіп қалған 32 жастағы атыраулық өзін өртеп жіберді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1

Оқиға сенбі күні кешке қала шетінде орналасқан Геолог кентінде болған.

«Алдын ала ақпаратқа қарағанда, тойдан үйіне келген ер адам әкесімен сөзге келіп қалған. Содан кейін ашуға булыққан ер адам сыртқа шығып, өзін-өзі өртеп жіберген. Ол жедел түрде облыстық ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 60 пайызын күйік шалған»,-деп түсінік берді аталған оқиғаға Атырау ІІД-ның баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Айқара Ғұмар

Фото inform.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз