Атырауда көктемде аң аулауға тыйым салынды

20170109134824 Жаңалықтар

Атырауда көктемде аң аулауға тыйым салынды. Бұл туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының теңіз инспекциясы бөлімінің басшысы Исатай Аралбеков мәлім етті.

20170109134824

Исатай Аралбековтің айтуынша,  2016 жылғы желтоқсанның аяғында күшіне енген «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, ереженің 25-тармағы бойынша бекіре тұқымдас балық түрлері мен олардың дериваттарын (уылдырық) пайдалануға жеке және заңды тұлғаларға бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға тыйым салу енгізілген.

«Ал бұрын бұл тармақта: «Мына: 1) бекіре балықтарын өсіру зауыттарын; 2) ғылыми зерттеу үшін аулауды жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарын; 3) бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға квотасы болған жағдайда мемлекеттік монополия субъектісін қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға тыйым салу енгізілсін», деп көрсетілген еді», дейді ол.

Сонымен қатар инспекция бөлімінің басшысы, осы бұйрық арқылы 16 ақпан мен 14 маусым аралығында аң аулауға тыйым салынғандығын атап өтті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз