Атырауда халықаралық айтыс басталды (ФОТО)

ЕАС 034 Жаңалықтар

Атырауда өтіп жатқан халықаралық ақындар айтысына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев келіп, дәстүрлі өнерге қошеметін білдірді, ақындарға сәттілік тіледі.

ЕАС 034

– Атыраулықтарға тағы бір жақсы кешті өткізуге мүмкіндік туып жатыр, – деді ол. – Бүгін түске дейін бес жұп керемет айтыс жасағанын әріптестерімнен естідім. Жұмыс барысымен жүріп, уақыт тауып, екінші бөлімге үлгеріп келіп жатырмын. Келесі бес жұп та осал емес шығар деп ойлаймын. Олардың арасында Башқұртстаннан келген ағайындар да бар екен. Ендеше, орталарыңыз толсын, қуаныштарыңыз мол болсын!

ANU_8870

Асанәлі Әшімов ағамыз бастаған қазылар алқасына ерекше ықыласымызды білдіреміз. Осы жерге келген қонақтардың ішінде «осы қалайы» жоқ. Атап айтсам, Алтынбек Қоразбаев, Несіпбек Айтұлы, Есенғали Раушанов, Светқали Нұржан, Мереке Құлкенов ағаларымыз, солардың артынан еріп келе жатқан Бауыржан Халиолла інілеріміз келіп отыр. Олардың қай-қайсысы да көркем сөзді бір адамдай түсінетін, сөздің мәнін, парқын, салмағын білетін азаматтар.

ЕАС 249

Осынау шараны жүргізіп жатқан Жүрсін Ерман ағамызға да ерекше алғыс айтамыз. Ағамыз айтқандай, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан шараны, жалпы, қазақ бірбірімен аралассын деген ізгі ниеттердің орындалуы деп білерсіздер. Бұл әртүрлі себептермен үзіле бастаған қарым-қатынастарды, бауырлас азаматтардың арасын жалғайтын шара деп ойлаймыз. Осында өзінің бағын сынауға басқа елден келген қандастарымыз «Қазақстан деген еліміз осындай екен, атажұртымыздың әлі де қаймағы бұзылмаған екен, Атырау жұрты сөздің қадірін түсінеді екен» деп еліне айтып барады. Соларды қолпаштап келіп жатқандарыңызға рахмет.

ANU_8923

Зал көрерменге толып, қызу қол шапалақтаса, сахнаға шыққан адамның делебесі қозатыны бар. Сондықтан бұл жерде ешкім «ана кісіні не мына кісіні қолда» демейді, бәрі де олардың шеберлігіне, сөз саптауына байланысты болмақ. Сондықтан жақсы айтыс болсын! Оны ұйымдастыруға мұрындық болған Жөкеңе рахмет! Шақыруды қабыл алған жандарға, әділ қазыларға, қонақтарға «қош келдіңіз» дей отырып, жақсы кеш болсын демекпін.

ЕАС 233

ЕАС 259

ANU_8939

ЕАС 005

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ, Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз