Атырауда ескі теледидарларды өңдейтін құрал пайда болды

40377813.aherbwb5zj.W665 Жаңалықтар

Бұған дейін де бұқаралық ақпарат құралдарынан құлағдар болғанымыздай, «Технодом» компаниясы өткен жылдан бастап бір жақсы жобаны жүзеге асыруда. Ол – аталмыш компания желісіне кіретін сауда нүктелерінде электронды тұрмыстық қалдықтарды (істен шыққан, яғни жарамсыз  батареялар,  кабельдер  мен портативті электроника құрылғылары) жинақтап, өңдеуге арналған арнаулы экобокстардың орнатылуы.

40377813.aherbwb5zj.W665

Айтқанымыздай, мұндай бокстарды монтаждау «Табиғатты сүйеміз, Қазақстанды сүйеміз!» республикалық экологиялық жобасы аясында былтыр басталған-ды. Күні бүгінде елімізде осындай 128 экобокс орналастырылған. Әдетте, электронды қалдықтардың адам өмірі мен денсаулығына, табиғатқа аса қауіпті зиянды заттардан тұратындығы мәлім. Сол себепті де бұлардан үйреншікті тәсілмен, яғни үйден шығатын тұрмыстық қалдықтармен бірге тастап, құтыла салуға болмайтындығы да белгілі. Анықтап айтқанда, құрамында жез бен алтын бар электронды компоненттерден атмосфералық ауаны ластайтын токсиндер бөлінеді. Мәселен, ұялы телефондардағы никель-кадмий батареялар – 50 мың, ал,  телевизорлар 80 мың литр суды ластайды екен. Бір мысал келтірсек, лақтырылып тасталған кондиционерден бөлінетін улы газдар мен өзге де зиянды қалдықтар тұтастай ауа қабатына залалын тигізетін көрінеді.

Бір ескерер жайт, электронды қалдықтарды қабылдау тегін жүргізіледі. Одан әрі  ол тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін қазақстандық кәсіпорындарға жөнелтіледі.  Электронды тұрмыстық және компьютерлік техникалар саудасымен айналысатын Қазақстандағы жетекші ұлттық желі саналатын «Технодом» компаниясының  жалпы қызмет көрсету алаңы 80 мың шаршы метрді құрайтын  63 сауда нүктесі бар. Олар еліміздің 26 қаласында, сондай-ақ, Қырғызстанда орналасқан.

Дәулетқали Аруев

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз