Атырауда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған салтанатты шара өтті

Е бастысы Ц экологиялы ау¦пс¦зд¦к Жаңалықтар

Кеше Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған облыстық мекемелер мен ұйымдардың, табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың жетекшілері, эколог-мамандар, сала ардагерлері мен қоршаған ортаның жас жанашырлары қатысты.

Е__ бастысы Ц экологиялы__ __ау¦пс¦зд¦к

Жиынға қатысушыларды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, ізгі тілегін жолдады.

– Халқымыз ежелден табиғатпен үйлесімді гармонияда өмір сүрген. Ықылым заманнан қоршаған ортаны, ауа мен суды бүлдіру деген мәселе  болмаған. Бүгінде заманның алға жылжуымен, түрлі өңдеу, өндіру кәсіпорындарының пайда болуымен экологиялық жағдай халықтың алаңдаушылығын туғызып отыр. Ғылым мен техниканың, технологияның дамуымен қоршаған ортаға тигізер зиян да көбейді. Сондықтан,  техногендік әсерді мейлінше төмендету, адамға, табиғатқа тигізер зиянын азайту күн тәртібіне өткір қойылуда, – деген Нұрлан Асқарұлы одан әрі табиғат қорғауда күрделі проблемалардың бар екендігін жасырмады. Әсіресе, өндірістік кәсіпорындар мен кен алаңдарында жасыл белдеу орнату,   Нарын өңірінде құм көшкінін тоқтату, Жайық, Қиғаш, Ойыл, Жем өзендерінде бөгеттер салу, жөндеу, тасқын қаупінің алдын алу, Жайықтың Каспийге құяр сағасын тереңдету мәселелерінің тұрғандығын экологтардың назарына берді.

Бұдан соң аймақ басшысы кәсіби мереке иелеріне түрлі деңгейдегі марапаттар табыстады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігі үшін Энергетика министрлігінің «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен «SINOPEC Engineering Co. Ltd» қазақстандық филиалының экологы және жобалаушысы Махамбет Жексенов, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәселелерді шешу және көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыруда қосқан үлесі үшін «Теңізшевройл» ЖШС-нің экологы  Гүлнәр Тасқали марапатталды.

Қазыналы өлкеміздің өркендеп, дамуына және еліміздің гүлденуіне қосқан қажырлы еңбегі үшін бір топ азамат облыс әкімінің және облыстық мәслихаттың Алғыс хаттарына ие болды.

Мерекелік салтанатта орман саласында үздіксіз қызмет атқарған және тоғайлық алқаптарды қорғап, көркейтуге үлес қосқан сала мамандары Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және жануарлар дүниесі комитетінің «Ормандарды қорғаудағы мінсіз еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, жасөспірімдер мен жастар арасындағы «Табиғат – тіршілік көзі» бейнероликтер және мектеп оқушылары арасында өткізілген «Қалдықтардың екінші өмірі» атты қолдан жасалған бұйымдар, сондай-ақ, «Қоршаған ортаны қорғау» атты жас суретшілер конкурстарында озып шыққан табиғат жанашырларына арнайы марапаттар табысталды.

Бақытжан Жұмат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз