Атырауда бос жұмыс орындарының тізімі жарияланды

foto vakansiya Жаңалықтар

 Жұмыс іздеп жүрсіз бе? Ендеше, Атырау қаласындағы бос жұмыс орындарының тізбегіне назар аударыңыз. Мүмкін, тұрақты жұмысқа орналасып қаларсыз!

foto-vakansiya

– №2 «Алтын кілт» балабақшасына 2 тәрбиеші, орыс сыныбына дене шынықтыру мұғалімі қажет. Байланыс телефондары: 87787032958, 20-24-55.

– Ж. Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейі жұмысшы іздейді. Байланыс телефондары: 87783293461, 21-44-01.

– Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне провизор, көлік жүргізуші, аула сыпырушы, ағаш шебері, сантехник керек: 26-80-21, 26-80-55, 87022330723.

– №19 «Шұғыла» балабақшасы тәрбиеші мен оның көмекшісін іздейді. 20-21-78.

– №30 «Жұмбақ» балабақшасына орыс тобына тәрбиеші және тәрбиешінің көмекшісі керек. Байланыс телефоны: 35-41-52.

– М. Отаралиев атындағы орта мектепке жұмысшы, шаруашылық қызметкері, аула сыпырушы қажет: 87029763354.

– «Байтерек аланы» ПИК – аула сыпырушы, слесарь-сантехник, слесарь КНС, электрик: 50-15-34, 50-15-37.

– №35 «Балақай» балабақшасы – тәрбиеші, электрик, сантехник. Байланыс телефоны: 87016473067.

– Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына санитар қажет. 52-00-73.

– Д. Нұрпейісова атындағы Академиялық казақ халық аспаптар оркестріне бухгалтер, заңгер және еден жуушы керек: 20-93-26, 20-93-25.

– «КазНИГРИ» ЖШС инженер-құрылысшы іздейді. Байланыс телефоны: 30-40-00.

– «Ткаченко В.А.» жеке кәсіпкерлігіне моторист-механик, автослесарь, автоэлектрик керек. Байланыс телефондары: 29-17-12, 87758800177.

– «Барсы-Атырау» мекемесіне хатшы-референт қажет: 35-70-24.

– «Гелиос» ЖШС оператор, көлік жүргізуші-экспедитор іздейді: 32-65-70.

– Атырау облыстық перинаталдық орталығына дәрігер-неонатолог, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, акушер, санитар керек. Еңбекақылары 40-130 мың аралығында. Байланыс телефоны: 21-09-26.

– №35 мектеп-гимназиясына орыс тілі мұғалімі, бастауыш сынып мұғалімі (қазақ сыныбына), ағылшын тілі мұғалімі (қазақ сыныбына) қажет: 23-56-41.

– «Атыраугидрология» ЖШС аспаз іздейді. Еңбекақысы – 100 мың теңге. Байланыс телефондары: 39-18-55, 87014835817.

– №4 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында палата медбикесі,  диеталық тамақтану бойынша медбике, электрик және Д санатты көлік жүргізушінің орны бос тұр: 32-58-05.

– «Голден Бридж Компания» ЖШС тазалықшы іздейді: 76-63-00.

– №13 «Балапан» балабақшасына қазақ және орыс топтарына тәрбиеші, би маманы, мейірбике керек: 36-64-30.

– Атырау қалалық перзентханасы кадр бөліміне инспектор, зертхана жетекшісі, акушер және санитарка іздейді. Байланыс телефондары: 46-69-22, 46-71-56.

– М. Мөңкеұлы атындағы №6 орта мектепке директордың әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, сантехник (дәнекерлеу аппаратымен),  еден жуушы мен аула сыпырушы, электрик қажет: 45-64-53.

Р.S. Бос жұмыс орындар тізімі Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығынан алынып отыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Мамбетова гулжамила умирбаева

    Тарийх пани бойынша жумыс издеп жаткам