Атырауда бір күннің ішінде 2 көлік өртенді

1 48 Жаңалықтар

Атырауда бір күннің ішінде 2 көлік өртенді. Бұл ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жариялады.

1

Біріншісі, 27 желтоқсан күні, сағат 14:32 шамасында Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қажығалиев көшесінің бойындағы №4 үйдің ауласында болған. «BMW» маркалы автокөліктің қозғалтқыш бөлігі өртенген. Жалынды өшіруге 1 арнаулы техника және жеке құрамдағы 4 адам жұмылдырылған. Өрт сағат 14:50-де өшірілген.

Екіншісі, 27 желтоқсан күні, сағат 17:17-де Жылыой ауданы, Құлсары қаласында тіркелген. «Газель-Фургон» маркалы көліктің қозғалтқыш бөлігі мен ішкі жағы өртке оранған. Жалынды ауыздықтауға 1 арнаулы техника және жеке құрамдағы 4 адам жұмылған. Нәтижесінде, өрт сағат 17:34 шамасында өшіріліпті.

Айдос Қарабала

Фото misto.kh.ua сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз