Атырауда белгілі актер Санжар Мәдиевтің қатысуымен жастар форумы өтуде (ФОТО)

222 Жаңалықтар

Атырау мұнай және газ университетінде 30-31 тамыз күндері «Saraysik. UPGRADE» атты өңірлік жастар форумы өтіп жатыр. Оған отандық кино-индустрия майталмандары қатысуда. Олардың қатарында танымал кино жұлдызы Санжар Мәдиев те бар.

222

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шараға Ақтөбе, Орал, Маңғыстау секілді көршілес аймақтар мен Ресей Федерациясынан, соның ішінде, көршілес Астрахан мен Орынбор қалаларынан да белсенді жастар қатысты. Форум шымылдығын ашқан облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан қатысушыларға сәттілік тіледі.

жас форум (2)

Студенттер үшін белгілі режиссер Асқар Бисембин кинематография бағытында, жастар арасында кеңінен танылған инженер-химик, эколог Лаура Маликова экология тақырыбында, Берік Шәріп медицина саласы бойынша және оператор Азамат Дулатов тренинг ұйымдастырды.

жас форум (3)

Қазақ мемлекеттік медицина академиясының түлегі Берік Шәріпұлы Қарағанды экономикалық университетінде заңгер және халықаралық бизнес академиясында бизнесті басқару мамандықтарын игеріп, магистр атанған. Төрт тілде жетік сөйлейтін ол еңбек жолын Астана қаласындағы жедел жәрдем бөлімінде фельдшер болып бастағанын айтады. Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау министрлігінде қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары.

жас форум (4)

– Ұлыбритания мен Канада елінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қызмет көрсету сапасын арттыруға үлес қосуда. Бірақ, кей мекемелер қаражат аударудан қашып, қаржы тапшылығын тудырған. Елімізде 2007-2016 жылдары өлім-жітім көрсеткіші 27 пайызға төмендеген. Өткен жылы нәресте өлімі 8,59, ана өлімі 12,7, туберкулезге шалдыққандар 3,4, қанайналым жүйесі аурулары 178,92, қатерлі ісік 88,6 пайызға түскен, – дейді ол.

жас форум (5)

Ал, Лаура Маликованың айтуынша, шет елдерде экология саласы өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап дами бастаса, Қазақстан артта келе жатыр. Форум одан әрі Махамбет ауданындағы орта ғасырлық көне қаланың орны – Сарайшық ауылындағы сапарға жалғасты.

жас форум (7)

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

*Суреттер «zhasatyrau.kz» сайтынан алынды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз