Атырауда аймақтық жасұландар форумы мәресіне жетті (ФОТО)

жасулан 1 Жаңалықтар

Биыл облыстық білім беру басқармасының қолдауымен алтыншы мәрте ұйымдастырылған форум еліміздің Тұңғыш Президенті күніне және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға арналды.

жасулан (1)

«АПЕК Петротехник» колледжіне жиналған жасұландықтардың қарасы көп. Олардың жанында тәлімгерлері мен Атырау қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері де бар. Биыл №11 мектептің бастауыш сыныптарынан 50 оқушы «Жас қыран», орта буын сыныптарынан тағы елуі «Жас ұлан» қатарын толықтырды. Олар ерікті ұйымға салтанатты түрде қабылданды.

жасулан (6)

жасулан (9)

жасулан (8)

жасулан (7)

«Жас ұлан» ұйымының «Отан», «руханият», «жеті жарғы», «экоәлем», «салауат», «зерде», «еңбек» деген жеті бағыты бар. Соған сәйкес, «жас патриот», «жас дарын», «бала би», «жас эколог», «жас толағай», «жас зерттеуші», «жас қанат» номинациялары өз иелерін тапты. Сондай-ақ, ең үздік мектеп ұйымы, ұланбасы, атқарушы хатшы мен тәлімгер анықталды. Сөйтіп, Әлихан Меңдіғалиев, Айбат Теміржан, Лаура Латипова, Қайсар Табылды, Шұғыла Біржанова, Камилла Кенжетай, Камшат Ғұбайдуллина, Қадыржан Сапаров, Ақнұр Қамитова, Индира Алмурзина және Исатай ауданындағы Хамидолла Нәубетов атындағы мектептің бастауыш ұйымы «Мәңгілік ел ұландары» жыл жүлдесін жеңіп алды.

жасулан (2)

Шара соңы «Қоғамды әлеуметтік жаңғыртудағы балалар ұйымының маңызы» тақырыбындағы пленарлық кеңеспен қорытындыланды.

жасулан

 

 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз