Атырауда «Арнаулыавтобаза» ЖШС-нің директоры қамаққа алынды

1 Жаңалықтар

Атырау қалалық №2 сотының тергеу судьясы «Арнаулыавтобаза» ЖШС-нің директоры Т.С.-ға қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

1

Айыпталушы Т.С. мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам бола тұра, өзiнiң қызмет бабын пайдалану арқылы, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi бірнеше рет, аса ірі мөлшерде, иемдену және талан-таражға салу жолымен жымқырды деп күдіктелуде.

Аталған қылмыстық құқықбұзушылық сотқа дейінгі тергеудің біріңғай реестрінде Қылмыстық Кодекстің 189-інші бабы, 3-інші бөлігі, 2-інші тармағы бойынша тіркелген.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Айқара Ғұмар

Фото indosurflife.com сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз