Атырауда 6 ақпан күні үш өрт оқиғасы болды

pozhar e1517983012316 Жаңалықтар

Атырауда 6 ақпан күні үш өрт оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

гараж пожар

Біріншісі, 6 ақпан күні, сағат 12:21 шамасында болған. «Нұрсая» ықшамауданында «Ваз-21114» маркалы автокөліктің қозғалтқыш бөлігі өртенген. Өрт сағат 12:38-де өшірілген.

Екінші өрт оқиғасы 6 ақпан күні, сағат 12:19-да «Мұнайшы» ықшамауданында орын алған. Көлікжай және сарай жалынға шарпылып, салдарынан 2008 жылғы «Лексус 570» машинасы өртеніп кеткен. Жалпы аумағы 75 шаршы метрді қамтыған «тілсіз жау» сағат 14:15-те ауыздықталған.

Үшіншісі, Қайыршақты ауылында тіркеліп, тұрғын үйдің шатыры және гараж өртенген. Өрттің аумағы 75 шаршы метрді құрап, сағат 22:47-де өшірілген.

Осы үш өрт оқиғасына қатысты қаза тапқандар немесе зардап шеккендер жоқ. Бүгінде өрттердің шығу себебі анықталуда.

Айдос Қарабала

Фото mediaport.ua сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз