Атырауда 45 мың кәсіпкер жұмыс істеп жатыр

Кәсіпкерлік Жаңалықтар

Шағын және орта кәсіпкерлік субъек-тілерімен өндірілген өнімнің көлемі 2016 жылғы қаңтар – қыркүйекте 653,5 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 7,4% -ға жоғары.

Кәсіпкерлік

2017 жылдың 1 қаңтарына қызмет істеп тұрған субъектілердің саны 44 217 бірлікті құрады.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, оның ішінде (субсидиялауға – 1 473,7 млн. теңге, кепілдендіруге – 164,8 млн. теңге, грант беруге – 22 млн. теңге, шағын несиелеуге – 197,4 млн. теңге, инфрақұрылым құрылысына – 692,8 млн. теңге). 2016 жылы 266 жоба қолдау алды (оның ішінде: 123 жоба субсидияланды, 78 жоба кепілдендірілді, 56 жобаға шағын несие ұсынылды және 8 жобаға грант бөлінді, 1 жоба – ИКИ) немесе 2015 жылмен салыстырғанда 67%-ға жоғары (2015 ж – 159 жоба).

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ұлттық қор есебінен үш транш бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы 8,4 млрд. теңгеге 53 жоба қаржыландырылып, 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Ауыл кәсіпкерлерінің арзан несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жылдық мөлшерлемесі 7% жеңілдетілген несие беру үшін жергілікті бюджеттен жыл сайын қаражат бөлініп тұрады. Соңғы 4 жылда ауыл кәсіпкерлерін шағын несиелеуге 807 млн. теңге бөлінді, бұл ауылдарда 202 бизнес жобасын және 468 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Соның ішінде, 2016 жылы 150 млн. теңге жергілікті бюджеттен және 100 млн. теңге түпкі қарыз алушылардан түскен қаражат есебінен бөлінді. Барлығы 55 жоба мақұлданып, 107 жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, 2016 жылы 500 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 250 млн. теңге жергілікті бюджеттен және 250 млн. теңге «Даму» қорының қаражаты есебінен кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыру жүргізілуде. Бұл қаражатқа 18 жоба мақұлданды және 71 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз