Атырауда 312 жұмысшы жалақысын ала алмай жүр

pustoj kochelek Жаңалықтар

Бүгінде Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметкерлері жүргізген тексеру қорытындысымен төрт мекемеде жалақы берешегі анықталды. Олар – «Модерн Электро», «PaintingScaffoldingInsulationServices», «Атакент-Жылыой» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және «Яманлаар Иншаат» Компаниясының филиалы.

pustoj_kochelek

Аталған инспекция басшысы Игілік Әубәкіровтің айтуынша, облыста 312 жұмысшыға 56,5 млн. теңге жалақы берешегі қалыптасқан. Бұдан өзге, банкротқа ұшыраған екі мекеменің 128 жұмысшыға 11,4 млн. теңге қарызы бар. Аталған мәселелерді шешу мақсатында басқарма қалалық, аудандық прокуратура органдарымен тығыз жұмыс атқаруда.

Берешектер бойынша, мекеменің банктік есепшоттары салық және басқа органдармен шектеулер қойылған кезде, прокурор актісі негізінде азаматтардың еңбекақыларын бірінші кезекте өндіру жұмысы алға қойылады. Бұл қазір практикаға енгізіліп отыр.

 Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз