Атырауда 250 жас отбасыға пәтер беріледі

i 3 Жаңалықтар

ҚазАқпарат – 2017 жылы түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша атыраулық жас отбасылар 250 пәтер алады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

i

«Өңірде жас отбасыларға көмек көрсетудің бағдарламалары белсенді іске асырылуда. «Жас Отау» жас отбасыларға арналған қолжетімді баспана бағдарламасының аясында 2015 жылы жас отбасыларға 90 пәтер берілді. Қазіргі уақытта осы бағдарлама бойынша 1 230 пәтерлік үй салынуда. Ол осы айдың аяғында пайдалануға тапсырылады.

Жас отбасыларға 100 пәтерлік тағы бір үй салынып жатыр. Сондай-ақ осы жылы 30 жас отбасы «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша пәтер алады деп отырмыз. Осылайша, биыл 250 отбасы пәтер алып, тұрғын үй жағдайын көтере алады», – деп хабарлады Атырау облысы жастар саясаты мәселесі бойынша басқарма басшысы Жасұлан Бисембаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз