Атырауда 250 отбасыға қайырымдылық жасалды

9429 1 Жаңалықтар

Атырауда 250 отбасыға қайырымдылық жасалды, деп хабарлайды Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

9429 (1)

Қасиетті Рамазанның қадірлі күндерін ескере отырып, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен мұқтаж жандарға көмек қолын беру шарасы жалғасым тапты. Дәлірек айтсақ, сауапты айда мешітке келген мұқтаж жандардың меселін жықпай, мерейін өсіргісі келген орталық «Иманғали» мешіті рамазанның екінші он күндігінің басталуына орай 250 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетті.

«Біз Қазақ xалқына мына үш нәрсе керек, бірі елін бағар қайырымды жомарт жандар, сол еліне қорған болар батыр мен дауға түсер биі қажет. Бұл үрдісті ендігі жерде рулық деңгейден шығарып, ұлттық деңгейге көтеру керек. Міне мына қайырымдылық шара жомарт жандардың сауап үмітімен жасап жатқан игі ісі. Рамазан айында көбірек қыйырымдылық жасап жүрейік. Ең боламағанда айтқан жылы сөздің өзі садақа екенін ескерейік, ағайын. Қайырымды жомарт жандарға Алла разы болсын!» – деді «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы.

9429 (7)

Шара соңында мұқтаж жандарға «Рамазан айы мүбәрак болсын», «Ораза қабыл болсын!» деген жазуы бар азық-түлік салынған қайырымдылық қапшықтары үлестірілді. Мешіттен қамқор көрген отбасылар мешіт қызметкерлері мен жаны жомарт жандарға ризашылықтарын жеткізді.

Хорлан Смадияр

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз