«Атырау» тағы бір ақылшысынан айырылды

591036 1375960139 Жаңалықтар

… Күні кеше ғана еді Рахмет ағаның телефон соққаны. Баяғы қағылез қалпымен:

– Амансындар ма, айналайын? «Атырау» газетінің редакциясы – менің қырық жылдан астам уақыт бойы қызмет атқарған алтын ұям ғой, хабарласпасам байыз таба алмаймын, – деп ағынан жарылған абзал аға.

591036_1375960139

Ақиқаты да сол, ол Еділ мен Жайық, Азғыр мен Нарын арасындағы екі аудан – Құрманғазы мен Исатай өңірлерінің ауылдарын табанынан тоза аралап, жарқын жетістіктері мен өзекті мәселелерін жедел көтеріп жүретін қара нар еді ғой. Оның көркем очерктері мен тартымды репортаждарын көзіқарақты оқырмандардың іздеп жүріп тұшына оқығандарын талай рет көзіміз көрді. Облыстық газеттің осыншама уақыт бойы тұрақты меншікті тілшісі болған, әрі сол жанкешті қызметінен абырой арқалаған бірден-бір жан да осы Рахмет Иманғалиев болатын.

Зейнет демалысында болса да, апта сайын хабарласып, газеттегі әр мақалаға өзіндік пікірін айтып, өзі де арагідік жазғандарын жолдап тұратын. Өмірден өткенінше қолынан қаламы түспеген, кәсібіне адал журналист ізінен ерген бәрімізге үлгі еді ғой. Бұдан екі жыл бұрын дәл осындай еңбекқор Теңдік Жауыров ағамыз өмірден өткенде де осылай қиналып қалғанбыз. Қайтейік, «Атырау» тағы бір ардагерінен – ақылшысынан айырылды…

Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз