Атырау сарбаздары сынақтан өтіп жатыр (ФОТО)

ӘСК.JPG1 Жаңалықтар

Қазақстанның Қарулы Күштерінде «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы басталды. Оған Атырау облысындағы барлық әскери бөлімшелердің сарбаздары да қатысуда.

ӘСК.JPG1

Оқу-жаттығудың басты мақсаты – өңірлік әскери бөлімдердің дайындығын тексеру, берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.

IMG_0896

Әскери бөлімшелер құрамы дабыл бойынша тактикалық-саптық оқу жаттығуларына кіріскен. Аталған әскери шара еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіледі. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің жетекшісі, аға лейтенант Рүстем Игісіновтың хабарлауынша, оқу-жаттығуына өңірлік қолбасшылықтың 2500 жауынгері мен 200 әскери техникасы қатысып жатыр.

ӘСК

Бұл әскери бөлімдердің өзара іс-қимылы мен жеке құрамдар арасындағы әскери қызметтің байланысын ұйымдастыруды тексерудің маңызды сынағы болмақ.

IMG_0958

IMG_0973

IMG_1063

IMG_1079

Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз