Атырау облысының 50 тұрғынына халықаралық іздеу жарияланды

20150613212816 Жаңалықтар
Атырау облысының 50 тұрғынына халықаралық іздеу жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
20150613212816

«Халықаралық іздеуде жүрген бірнеше адам Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев жетекшілік еткен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты. Бұлар Б.Рысқалиевтің өзі, оның бауыры Аманжан Рысқали және топқа кірген коммерсанттар.
Іздеу жарияланған адамдардың дені, Қазақстанда тыйым салынған халықаралық лаңкестік топтарға еніп, Сирияға және өзге де елдерге аттанған облыс тұрғындары», – деп мәлім етті өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық ІІД-нің бастығы Аян Дүйсембаев.
Қазақпарат
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз