Атырау облысында бұрын-соңды болмаған көлемде тұрғын үй салынуда

WhatsApp Image 2018 06 07 at 14.54.55 Жаңалықтар

Биыл өңірде 44 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-06-07 at 14.54.55

Тұрғын үйлер «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында салынуда. Олар «Нұрлы Жер» және «7-20-25» кредиттік бағдарламалары бойынша берілетін болады.

2018 жылы өңірде барлығы 3892 пәтерлік 44 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Ал 34 үй осы жылы пайдалануға беріледі.

Кредиттік тұрғын үйлермен қатар, кезекте тұрғандардың 13 санаты үшін әлеуметтік тұрғын үйлер де салынады. Бұл тұрғын үй құрылысының бұрын-соңды болмаған көрсеткіші, тәуелсіздік жылдарындағы өңірдегі ең жоғары тұрғын үй көлемі екенін атап өту керек. Біз мұндай көп көлемде пәтерді пайдалануға беру жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның төмендеуіне оң әсерін тигізеді деп болжамдап отырмыз, – деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев.

WhatsApp Image 2018-06-07 at 14.54.55 (1)

Оның айтуынша, мұндай көп тұрғын үйдің құрылысы жеке құрылыс салушылар тарапынан қызығушылықтың жоғары болуының нәтижесінде мүмкін болды.

– Кәсіпкерлерді бірінші кезекте өңірдің қолайлы инвестициялық ахуалы, бизнес жүргізу үшін жайлы жағдайлар қызықтырады. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша біз мемлекеттік қолдаудың барлық мүмкіндіктерін жасай отырып, әрбір құрылыс салушымен жеке жұмыс жасаймыз. Бұл өз кезегінде іске қосылатын тұрғын үйлер санының ұлғаюы түрінде өз жемісін береді, – деді Н.Таубаев.

 

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз