Атырау облысы әкімінің орынбасары ауысты

ЕАС 1029 Жаңалықтар

18 наурызда облыстық әкімдікте облыс активінің жиналысы өтті.

ЕАС 1029

Онда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өзінің өкімімен осыған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Тимуржан Әдиетұлы Шәкімовтің өз өтінішіне және басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылғандығы туралы хабарлады. Облыс әкімінің орынбасары міндетін төрт жылдан астам уақыт бойына абыроймен, жоғары жауапкершілікпен атқарған Тимуржан Әдиетұлына өзінің және бірге қызметтес болған әріптестерінің атынан ризашылығын білдіріп, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

ЕАС 950

Мұнан соң аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы өзінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары қызметіне Жасұлан Асқарұлы Сүйінішәлиевті тағайындағандығы туралы мәлімдеп, актив жиналысына қатысушыларға таныстырды. Самара мемлекеттік университетін бітірген Жасұлан Асқарұлы Қазақстан Республикасы Құрылыс және шаруашылық істері Агенттігінде, Ұлттық экономика министрлігінде, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен құрылыс басқармасында лауазымды да жауапты жұмыстар атқарған.

ЕАС 965

Актив жиналысында облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Өтешов, облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Төлеп Орынбасаров және басқалары сөз сөйледі. Осыған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Тимуржан Әдиетұлының жұмысын оң бағалап, оның орнына тағайындалған Жасұлан Асқарұлының жұмысына сәттілік тілеген лебіздерін жеткізді.

ЕАС 955

Соңынан Тимуржан Шәкімов пен Жасұлан Сүйінішәлиев сөз алып, өз тараптарына айтылған пікірлер мен аймақ басшысының сеніміне ризашылықтарын білдірді.

Дәулетқали АРУЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз