Атырау Мұнай және газ университетінің 1 курс студенттеріне сәттілік тіледі

IMG 6900 Білім

Атырау мұнай және газ университетінің бірінші курс студенттеріне арналған үлкен мереке өтті.

IMG_6900

Шара барысында сөз алған басқарма төрағасы-ректор Ә.Әбішев, студенттерді бүгінгі дүбірлі мерекесімен құттықтады. «Болашақ жастар, ол – бүгінгі Сіздер! Ертеңгі болашақтарың жарқын болуы үшін бүгіннен қызмет ету керек»,-деп жас өрендерге шынайы тілектестігін білдірді.

Аталмыш оқу орынның студенттік өзін-өзі басқару кеңесі мүшелері дайындаған қойылымда жеткен жетістіктері, білім мен ғылым бағытындағы оң өзгерістер және спорт, мәдени өмірінен сыр шертетін көріністер бейнеленді.

Сондай-ақ, мұнда білім алып жатқан белсенді, көшбасшы жоғары курс студенттері символикалық білім кілтін, сынақ кітапшасы мен билетті салтанатты түрде бірінші курс студенттеріне табыстады. Олардың терең білім меңгеріп, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген, мәңгілік елдің ұлттық идеясын жүзеге асыратын жалынды жастары болатынына сенім білдірді.

Гүлдана Жамбозова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз