Атырау мұнай өңдеу зауытындағы дизельді отынның сапасы «Еуро-5» стандартына сай болады

ФОТО МЕДИЦИНА 1 Жаңалықтар

«Атырау мұнай өңдеу зауытында» («АМӨЗ») өндірілетін дизельді отынның жарты бөлігі енді «Еуро-5» немесе «К-5» дәрежесіне сай болмақ.

ФОТО - МЕДИЦИНА

Бұл туралы аталған зауыттың қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкерлері хабарлады. «АМӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дизельді секциясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде, гидротазалау реакторлары мен дизельді отынды депарафинизациялау катализаторлары толықтай жаңасына ауыстырылды. Жаңа катализаторлар технологиялық үрдістің лицензиары болып табылатын АҚШ-тың «UOP» компаниясына тиесілі.

Дизельді отын гидротазалаудан өткен соң, ондағы күкірт үлесі айтарлықтай азайды. Бұл өз кезегінде өндірілген дизельді отынның жартысын экологиялық «К5» дәрежесіне жеткізуге мүмкіндік бермек.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз