Атырау әкімінің атынан таратылған ақпарат жалған болып шықты

20170113004454 Жаңалықтар

Атырау облысының әкімдігі әлеуметтік желілерде тараған учаскелік полицейлерге есік ашпауға болатыны туралы әкімнің қаулысы шыққандығы жайлы ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді.

20170113004454

«Бұл жалған ақпарат және оған атыраулықтардың сеніп қалғандығы өкінішті. Атырау облысының да, қаласының да әкімдігі бұндай қаулы шығарған жоқ және шығаруға құқығы да жоқ еді», – деп хабарлады облыстық әкімдіктің ресми өкілі Серікжан Ерментаев.

Еске сала кетейік, бұндай ақпарат бүгін елордада да тараған екен. Алайда Астана әкімдігі де оның жалған екендігін мәлімдеген.

Дерек көзі: Қазақпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз