Атырау инвестиция тартудан елде көш бастап тұр

Инвестициялар Жаңалықтар

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 036,9 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылға – 132,4%. Республиканың жалпы көлеміндегі облыстың үлесі – 26,4%.

Инвестициялар

Инвесторларды тарту мақсатында жыл сайын өңірде «Атырау Инвест» халықаралық инвестициялық форумы өткізіледі. 2016 жылы «Atyrau Invest – 2016 – Petrochemical Day» кезекті III-ші халықаралық инвестициялық форумы өткізілді. Форумға елдің орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, ҚР және РФ бизнес омбудсмендері, ұлттық компаниялар, даму институттары, Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктер (Ислам Республикасы Иран және Моңғолия), сонымен қатар, отандық және Ресей, Франция, Португалия, АҚШ, Хорватия, Малайзия, Финляндия, Германия, Израил және басқа да шетел инвесторлары қатынасты.

Форумның қорытындысы бойынша ынтымақтастық және жобаларды іске асыруға арналған 9 меморандумға қол қойылды. Бұдан басқа, «Атырау Ойл & Газ» және «Атырау Билд» Солтүстік Каспий Аймақтық көрмелерін өткізу дәстүрге айналды, көрме жұмысына 100-ден астам қазақстандық және шетел мұнай және құрылыс компаниялары қатысады. Ынтымақтастықты нығайту және өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін орнату мақсатында 2016 жылы Канада, Беларусь Республикасы, АҚШ, Ұлыбритания (Абердин қаласы), Италия, Түркия, Нидерланды Корольдігі, Жапония және басқа делегаттар облысқа іссапармен келді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз