Атырау-Астрахань тасжолындағы апаттан 5 адам қаза болды

20170608143603 Жаңалықтар

Атырау-Астрахань тасжолында жол апаты болып, оның салдарынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

20170608143603

«Апат Атыраудан шыға берер жолда, Қара өзен ауданында болды. «Тойота Ланд Крузер» мен «Лада Гранта» көліктері соқтығысты. «Лада Гранта» көлігіндегі жүргізуші мен төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жол талғамайтын көліктің үш жолаушысы ауыр жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші қатты зардап шеккен жоқ. Апат фактісі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз