Атырау-Астрахан бағытындағы автобус жолаушылары жолда қалып, көмек күтуде

20170801021318 Жаңалықтар
Атырау-Астрахан бағытындағы автобус бұзылып, жолаушылар жолда қалып қойды.
20170801021318

«Біз 31 шілде күні Атыраудан Атырау-Астрахан бағытымен жүретін автобуспен жолға шықтық. Автобус «Еділ мен Жайық» ЖШС жекеменшік компаниясына тиесілі. Көлік 70 км жол жүрді. Исатай ауданына шығып, Чапаев елді мекеніне жеткенде автобус бұзылды. Автобус біршама уақыт тұрған соң, оның жүргізушісі келіп, көліктің әрі қарай бармайтындығын, күрделі ақауы бар екендігін айтты. Жүргізуші сонымен қатар автобустың кері қарай Атырауға кететінін жеткізді, сол жерде жолаушылар төлеген ақыны қайтару мәселесі де шешілмек»,-деді Азамат Ерғалиев.

Оның сөзінше, жолаушылар автобустан шыққанымен, кері қарай Атырауға бармайтындықтарын айтты, себебі оларға қайткенде де Астраханға жету керек болатын (Автобус таңғы 8-де келуі қажет еді). Осылайша, жолаушылар екіге бөлінген, олардың бірі Атырауға кері қайтатын болса, тағы бір бөлігі Астраханға жол тартпақ. Айта кетерлігі, 112 құтқару қызметіне хабарласқанымен, оператор полицияға қоңырау шалу қажеттігін ескертіпті.
20170801021318
Біраздан соң патруль қызметі келді, алайда олардан еш көмек болмады. Полицейлер тек оқиға орнындағы тәртіпті қадағалауға ғана құзырлы екендіктерін алға тартқан. Ал автобуста жүрегі ауыратын кішкентай бала да болған. Екі сағаттан соң сол қыз баланың денсаулығы нашарлай бастады, содан соң жедел жәрдем қызметі шақырылды. Жедел жәрдем қызметімен бірге төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері де келді, алайда олар оқиға жөнінде қандай да бір түсініктеме беруден бас тартқан.
20170801021602

Куәгер Азамат Ерғалиевтің айтуынша, жергілікті такси жүргізушілері жолаушыларды Ресей шекарасына жеткізіп тастауды ұсынған. Жол бағасы бір адамға 6-7 мың теңгенің арасында, ал автомобиль салонына олар 20-40 мың теңге сұраған. «Біз міне, үш сағат бойы отырмыз, қосымша автобус жіберіле ме, ол жағы белгісіз. Жолаушылардың ақшалары қайтарылады ма, ол да белгісіз. Жолаушылардың біразы кетіп қалды. Автопарктің жүргізушісі мен қызметкерлері қандай да бір түсініктеме беруден бас тартып отыр. Автопарктің басшылығы байланысқа шықпайды. Полиция қызметкерлері жүргізушілермен сөйлесті, алайда олар қосымша автобусты іздестіріп жатқандықтарын ғана айтып отыр. Яғни автобус жоқ. Жолаушылар көлік прокуроры мен әкімдік өкілінің келуін талап еткен болатын. Кейінірек жергілікті әкімнің қызметінен кеткені, ал жаңа әкім әлі тағайындалмағаны белгілі болды»,-деді Азамат Ерғалиев.

Қазақпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз