Атырау қаласының әкімі Серік Шапкеновтың есептік кездесуі өтеді

27459080 532851837097304 6371054589496872898 n e1517911121234 Жаңалықтар

Атырау қаласының әкімі С.Шапкеновтың «Атырау қаласының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2018 жылға арналған міндеттер туралы» қала тұрғындары алдындағы есепті кездесуі 2018 жылғы 14 ақпан, сағат 10.00-де Махамбет атындағы қазақ драма театрында өтеді.

27459080_532851837097304_6371054589496872898_n

Тұрғындардың қала әкіміне қояр сұрақтары мен ұсыныс-пікірлері үшін қала әкімдігі ғимаратының алдында, «Сарайшық Атырау» коммуналдық сауда орны ғимаратының кіреберісіне және Халыққа қызмет көрсету орталықтары ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған.

Сонымен қатар, ұсыныс-сұрақтарды қабылдау үшін қала әкімдігінің 27-09-62, 32-02-33 телефон желілері, www.atyrau.gov.kz сайтындағы қала әкімінің блогы және Facebook әлеуметтік желісіндегі «Атырау қаласының әкімдігі» (@atyrauakimat) бетшесі жұмыс істейді.

Қала әкімінің есебі «Атырау» телеарнасында тікелей трансляция арқылы көрсетіледі.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз