Атырау қаласының әкімі балабақшалар мен мектептердің құрылысын мерзімінде аяқтауды тапсырды

WhatsApp Image 2018 08 03 at 12.54.58 Жаңалықтар

Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы Кеңөзек және Еркінқала ауылдық округтерінің мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелерінің құрылысы мен жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-08-03 at 12.54.58

Қала маңындағы ауылдық округтерге жұмыс сапары барысында қала басшысы балабақшалар мен жалпы білім беретін мекемелерді аралады. Алимұхаммед Құттұмұратұлы мектептердегі асханалардың жай-күйімен, мектеп автобустарының, сондай-ақ барлық инфрақұрылымдардың электр, газ, жылу, сумен жабдықтау және жолдың бар-жоғымен танысты.

Атап айтқанда, «Рауан» балабақшасында күрделі жөндеу аяқталуға таяу. Еркінқала ауылдық округінде 290 орындық балабақша мен 300 орындық орта мектептің құрылысы жалғасуда. Жаңа мектеп қазан айының соңында пайдалануға берілуі тиіс.

Шаһар басшысы тапсырыс берушілерге де, мердігерлерге де барлық жөндеу және құрылыс жұмыстарын жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды, сондай-ақ әрбір оқу орнында кездесіп отырған мәселелерді шешуді тапсырды.

– Мүмкіндігіне қарай 1 қыркүйекте білім беру мекемелеріндегі барлық жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс. Сыныптарда 40 оқушыдан отырмауы, ал қыста түрлі ауылдардың балалары балшық пен салқын күндері көрші елді мекендерге қатынап жүрмеуі тиіс. Барлық мектептерде асханалар жұмыс жасауы және балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі қажет. Сонымен бірге барлық жұмыстар сапалы және ойдағыдай орындалуы керек, – деді Атырау қаласының әкімі.

Сондай-ақ өңір басшысы әлеуметтік объектілердің құрылысын салу кезінде олардың мерзімдері мен мәдениетін сақтау қажеттілігін баса айтты.

Айта кеткен жөн, бүгінгі күні Атырауда және қала маңында 57 орта жалпы білім беретін мектеп бар. Бұларда шамамен 38 мыңдай оқушы білім алады. Облыс орталығындағы балабақшалар саны – 43, оларға мектепке дейінгі жастағы 15 мыңнан астам бала барады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз