Атырау қаласының 229 тұрғынына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелер кезегі қалпына келтірілді

2019 01 16 044610617800 1 Жаңалықтар

Атырау қаласының Балықшы ауылдық округ әкімшілігіндегі өрт кезінде өтінімдері өртенген тұрғындардың жер учаскелеріне сәйкестігі туралы электрондық дерекқордың арқасында қалпына келтірілді, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

2019_01_16_044610617800

Бұл туралы қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы Наурызбек Құмаров хабарлады. Ақпарат берушінің хабарлауынша, 2018 жылғы 11 желтоқсанда комиссия құрылды, оның құрамына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті, Жер қатынастары департаменті, Сәулет және қала құрылысы басқармасы, Заң департаменті және ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді бақылау бөлімі енді.

– Комиссияның соңғы отырысы 24 желтоқсанда өтті, отырыс барысында Балықшы ауылдық округінің 229 тұрғынының конституциялық құқығын қалпына келтіру туралы шешім қабылданды, 2008 жылы берілген жер учаскелері бойынша өтінімдер әкімдікте өртенген. Атырау қаласы және оның маңындағы ауылдық округ тұрғындары жер учаскелерінің жалпы тізбесін жазған электронды журналдың арқасында барлық жойылған тізімдер қалпына келтірілді. Атырау және оның маңындағы ауылдық округтерінің тұрғындары www.atyrau.gov.kz сайтында Атырау қаласының жер учаскелер кезегі бөлімінде өздерінің ЖСН арқылы кіріп жер учаскелерінің тізбегін тексере алады, – дейді Наурызбек Құмаров.

Бұрын хабарлағанымыздай, Атырауда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуының жол картасы аясында Атырау қаласының және оның маңындағы ауылдық округтердің 86 мың тұрғынының жер учаскелері үшін кезек тізбесі енгізілген болатын.

– Жақында қала тұрғындарының кезек тәртібі өзгергені туралы көптеген шағымдар бар. Дегенмен, ондай жағдай орын алған жоқ. 2016 жылы барлық ауылдық округ әкімдіктері қалалық жер қатынастары бөліміне өтініш беріп, бірыңғай база құрылды, мұнда жергілікті тұрғындардың барлық мәлімдемесі ғана оңтайландырылды. Жер учаскелері қатаң тәртіппен берілетін болады және өтініштерді қабылдау жылы бойынша ғана беріледі, – дейді Наурызбек Құмаров. 2018 жылы Атырау қаласы әкімдігі 2003-2004 жж. өтінімдерді тапсырған кезек күткен тізімге 480 жуық жер учаскелерін берді. Қазіргі таңда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жер телімін алуға 241 өтініш түсті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз