Атырау қаласының 2016 жылғы әлеуметтiк- экономикалық дамуының қорытындылары

fullsize Жаңалықтар

Өнеркәсіп

2016 жылы барлық меншік түріндегі өнеркәсiптiк кәсiп-орындармен 225,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 126,7%.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауамен баптау қызметі түріндегі кәсіпорындар арқылы 34,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 100,9% құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуы және таратылуын бақылау қызметі түріндегі кәсіпорындар арқылы  9,4 млрд. теңгенің қызметі көрсетіліп, өнімі өндірілді.

13091904_111147072629067_7828548055463152796_n

Кәсіпкерлік

2016 жылы қала бойынша  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің  тіркелген саны 36 283-ті құрады.

2016 жылы Өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы несие сомасы 9,7 млрд. теңгені құрайтын 66 жобаның несиелік пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау мақұлданды.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» шеңберінде 49 кәсіпкерге  жалпы сомасы 145,9 млн. теңгені құрайтын әртүрлі бағыттағы  несиелер бөлінді.

2016 жылы бөлшек саудадағы  тауар айналымы 184,7 млрд. теңгені құрады. Көтерме сауда тауар айналымы 265,2 млрд. теңгені құрады.

2016 жылы қала аумағында орналасқан 15 кәсіпорын иелерімен, яғни, базарлар мен  супермаркеттердің басшыларымен, ірі көтерме тасымалдаушылармен  осындай Меморандумға  қол қойылды.

Жергілікті шаруа қожалықтарын және жеке кәсіпкерлерді қолдау мақсатында, Атырау қаласы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін 270  сауда орны белгіленді.

20141108070350

Денсаулық сақтау

Атырау қаласында 24 денсаулық сақтау мекемесі бар, оның ішінде: 7 қалалық емхана, қалалық балалар тіс емханасы, жедел жәрдем бекеті, сәбилер үйі, «Сәлімжан» ЖШС.

2016 жылы Геолог селосындағы ауысымына 100 адам қабылдайтын емхана және Атырау қаласында 180 орындық облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

2016 жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша қала халқының саны 305 832 адамды құрады.

Туғандар саны 10 018 адам, бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 112,7% құрап отыр, өлгендер саны 1890 адам.

6f8956c6ebfcc0bf47b426cc99079295_XL

Ауыл шаруашылығы

2016 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 9,9 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 107,8%.

Шаруашылықтардың барлық категориялары бойынша мал басының саны: ірі қара мал – 4880 бас, қой мен ешкі – 4501 бас, жылқы – 1080 бас,  түйе – 1589 басты  құрады.

Өткен жылы қала бойынша 2554,9 тонна ет, 4099,3 тонна сиыр сүті, 197,7  мың дана жұмыртқа өндірілді. 2015 жылмен салыстырғанда ет – 107%-ды, сиыр сүті 100%-ды  құрады.

2016 жылы 5879 тонна (2015 жылға қарағанда 131,6%) картоп,  36 944 тонна (100,2%)  көкөніс және 9908 тонна (101,1%) бақша өнімдері жиналды. Бұл көрсеткіштер 2015 жылмен салыстырғанда орташа 109,4%-ды  құрады.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ  Қайыршақты ауылдық округінен  ЖК «Батырбаевтың»  «Құлан» бағдарламасымен 80 бас жылқы, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Ақсай ауылдық округінен «Ақсай» шаруа қожалығы 45 бас ірі қара малын сатып алды.

2016 жылы  дайындалған мал азығы – 13800 тонна, оның ішінде жеке сектор және шаруа қожалықтарымен – 13431 тонна, өндірістік кооперативтер және  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен 369 тоннаны құрады, жалпы 2015 жылмен салыстырғанда 102,2% болды.

Көктемгі-күзгі балық аулау маусымының қо-рытындысы бойынша  балық аулаушы  кәсіпорындардың күшімен Каспий теңізінен – 4 200 тонна, Жайық өзенінен – 3344,2 тонна, Қиғаш өзенінен 93,2 тонна  балық ауланды.

Атырау қаласында балық қорын сақтау және өсімін молайту мақсатында  «Атырау» және «Жайық–Атырау» бекіре тұқымдас балық өсіру зауыттары жұмыс жасауда. Өткен жылы осы зауыттардың күшімен 7  млн. дана шабақ суға жіберілді.

Қалада  жалпы аумағы 7,7 гектарды құрайтын 29 жылыжай  жұмыс жасап тұр, оның ішінде 14 жылыжай 2016 жылы іске қосылды. Өткен жылы осы  жылыжайлардан өндірілген өнім көлемі – 1487 тонна,  жалпы 2015 жылмен салыстырғанда 136%-ды  құрап отыр.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 10 жеке тұлға 31,5 млн. теңге  көлемінде  несие алды.

Ашық алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіріп жүрген 42 шаруа қожалығына 10,7 млн. теңге субсидия төленді.

Жылыжай шаруашылығымен айналысып жүрген 13 шаруа қожалығына  15 млн. теңге субсидия төленді.

Суармалы су  құнын  субсидиялауға  36 шаруа  қожалығы «Қазсушар» мекемесімен келісім-шартқа отырып, осы шаруашылықтарға  3 млн. 497 мың теңге көлемінде субсидия төленді.

Тамшылатып суару әдісімен егілген егін 450 га. егін егу алқабын құрады немесе 2015 жылмен салыстырғанда  25%-ға өскен, соның ішінде: картоп  – 103,8 га, көкөніс – 163,2 га, бақша – 95 га, жеміс ағашы – 88 га.

Қала тұрғындарын жыл бойы тұрақты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында  жалпы көлемі 23 530 тонна көкөніс қоймасы жұмыс жасайды.

24start-up

Инфрақұрылымның және коммуналдық шаруашылықтың дамуы

2016 жылы Еркінқала,  Водников-2, Талғайраң,  Жаңаталап, Көкарна елді мекендеріне барлығы 141,6 ш/м ауыз су желісінің, Көкарна ауылына 42,4 ш/м көгілдір оты желісінің құрылыс жұмыстары басталып жалғасуда. Бүгінгі күні Жаңаталап ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылыс жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, Атырау ықшамауданы, Көкарна (толықтыру), Тасқала-4, Көкарна (мұнай базасы), Водников-3  елді мекендеріне 67,5 ш/м ауыз су, 46,7 ш/м көгілдір отын, 45,0 ш/м электр жабдығы, 36,2 ш/м автокөлік жолдарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні Атырау ықшамауданында, Көкарна (мұнай базасы) ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылыс жұмыстары аяқталды.

2016 жылы  Жұлдыз-3, Ақсай,  Бірлік елді мекендерінде  ұзындығы 56 шақырым су құбырларын тарту жұмыстары аяқталды.

Ұзындығы 25,4 шақырымды құрайтын ауыз су құбырларына және қаладағы  200 өрт сөндіру гидранттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды.

Өткен жылы Абай көшесінің 1400 метрді құрайтын жарықтандыру желілеріне күрделі жөндеу  жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Әбілхайыр хан даңғылына 12 шақырымды құрайтын жарықтандыру желілерінің күрделі жөндеу  жұмыстары басталды.

Алмагүл, Нұрсая  ықшамаударындағы және С.Датов көшесіндегі жалпы ұзындығы 6 000 метрді құрайтын жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

854A4998

Мәдениет

Мәдениет-тынығу  мекемелері  желісінде 42 мекеме жұмыс жасайды.

Өткен жылы қала және қалаға қарасты ауылдық елді мекендерде  барлығы 1053  мәдени көпшілік іс-шара өткізілді.

Қалалық орталықтандырылған кітапханаларға КАБИС автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі қызмет етеді, кітап қорының саны  180 518.

Жыл  басынан бері  қала көлемінде тіл саясатын насихаттауға қатысты 4 -дөңгелек үстел, 6 поэзия кеші, 14-кітап көрмесі, 7 тақырыптық  кеш өткізілді.

npz-e1462507274937

Инвестициялар

2016 жылы негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі 823 млрд. теңгені құрады, ол 2015 жылмен салыстырғанда 24%-ға артық. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 42%-ды  құрайды.

Жалпы құны 505 млн. теңгені құрайтын 4 жоба  іске қосылды, 108 жаңа жұмыс орны ашылды:

– «ПКФ Континент Ко ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің оптикалық кабель шығаратын зауыты, жоба құны 122 млн. теңге, 3 жаңа жұмыс орны  ашылды;

– «Centech» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кабельдік науа және электр қалқан шығаратын зауыт, жоба құны 119 млн. теңге, 20 жаңа жұмыс орны ашылды;

– «Казахстан Интегрейтед Сервисез» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тығыздағыш төсемдер өндірісі,  жоба құны 145 млн. теңге, 15 жаңа жұмыс орны ашылды;

– «KAZELEKTRYM (КАЗЭЛЕКТРУМ) Өндірістік кешен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электрлі техникалық жабдықтардың өндірісін ұйымдастыру, жоба құны 119 млн.  теңге,  70 жаңа жұмыс орны ашылды.

Электроника-найдет-нарушителя-840x420

Құқықтық тәртіп

2016 жылы құқық қорғау қызметінің барлық саласы бойынша  7973  қылмыс тіркелді.

Сондай-ақ, жалпы қылмыстардың ашылу  көрсеткіші 2,4%-ға төмендеп отыр, ауыр қылмыстардың ашылуы 100%, аса ауыр қылмыстардың ашылуы 60,4%-ды  құрап отыр.

Бүгінгі таңда қала аумағында 241 сыртқы бейнебақылау камералары орнатылған.

2016 жылы  сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен  26668 құқық бұзушылық анықталып, 329 млн. 828 мың  057 теңге көлемінде айыппұл салынды.

DSC_0158

Спорт

2016 жылы 85   спорттық-бұқаралық  шара өткізіліп, оған жалпы саны 12,7 мың адам қатысты. 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде  5400 бала  спорттық үйірмелерге тегін қатысады. Жалпы қала халқының 29,3%-ы жүйелі түрде спортпен шұғылданады.

Қала аумағында 362 спорттық нысан орналасқан, соның ішінде 1 мұз айдыны сарайы, 1 ескек есу базасы,  1 орталық жүзу бассейні,  8 спорт кешені,  4 стадион  және т.б.

Өткен  жылы Жұмыскер елді мекенінде спорт зал және қаладағы Нұрсая ықшамауданында теннистік корт ғимараттары салынып, пайдалануға берілді.

34 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2 спортшы Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі  спорт шебері, 53  спортшы Қазақстан Республикасының шеберлігіне үміткер нормативтерін орындады.

2016 жылы біздің жерлесіміз Н.Рахимов Рио-де-Жанейрода өткен XXXI жазғы олимпиадаға қатысып, ауыр атлетикадан 77 келі салмақ дәрежесінде олимпиада чемпионы атанды.

DSC_0067

Автомобиль жолдары

2016 жылы  жалпы аумағы 42,3 шақырым құрайтын  автокөлік жолдарына, оның ішінде 41 көшеге (Элеваторный, Мұнайшы көшелеріне, Нұрсая ықшамауданындағы №11 көшесіне, Самал ықшамауданындағы №1,3,4,5,6,8,9,10,11,12,15,17,18,19,20 көшелеріне, Самал-2 ықшам-ауданындағы №28 көшесіне, Жұлдыз ықшамауданындағы №9,22,44 көшелеріне, Балауса ықшамауданындағы №2, 11, 19, 20, 23, 26, 28, 34, 36, 38,39 көшелеріне, Геолог ауылдық округіндегі жаяу жүргіншілер жолынан Қ.Сәтбаев атындағы мектепке дейінгі аралықтағы жолға, Бірлік елді мекеніндегі Бекет ата, Геологопоисковая, Тұмар ханым көшелеріне, Томарлы -2 елді мекеніндегі №4,10,14,16 көшелеріне)  тас жол төселді.

 Жалпы аумағы  44,3 шақырымды  құрайтын автокөлік жолдары, оның ішінде 96 көшеге (Еркінқала ауылдық округіндегі 6 көшеге, Томарлы елді мекеніндегі 11 көшеге, Сарқамыс ықшамауданындағы 14 көшеге, Жұмыскер-1 елді мекеніндегі 43 көшеге, Жұмыскер-2 елді мекеніндегі 6 көшеге, Ракуш елді мекеніндегі 2 көшеге, Дамбы ауылдық округіндегі 2 көшеге, Водников елді мекеніндегі 2 көшеге, Құрсай елді мекеніндегі 10 көшеге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

8nursaya2

Тұрғын үй құрылысы

2016 жылы тұрғын үй құрылысына 18 млрд. теңге инвестиция жұмсалды.

Қала бойынша жалпы ауданы 346,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Өткен жылы «Өңірлерді дамытудың – 2020 жылға дейінгі  бағдарламасы»  аясында Береке шағынауданында  19,2 мың шаршы метрді  құрайтын  5 несиелік тұрғын үй, 18,7 мың шаршы метрді  құрайтын  6 жалдамалы тұрғын үй және Нұрсая ықшамауданында  22,8 мың шаршы метрді құрайтын  1 жалдамалы тұрғын үй құрылыс жұмыстары басталды.

2016 жылы  Нұрсая ықшамауданынан 420 пәтер кезекте тұрған отбасыларына  және апатты жағдайдағы үйлер тұрғындарына бөлінді.

Бұған қоса, өткен  жылы Нұрсая ықшамауданында 244 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, ол үйден жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, І және ІІ топтағы мүгедектер, бюджеттік мекеме қызметкерлері пәтермен қамтамасыз етілді.

«Өңірлерді дамытудың – 2020 жылға дейін» бағдарламасының  ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкі жүйесімен «Халықтың барлық санаттары үшін» бағыты бойынша  Нұрсая ықшамауданынан 11 тұрғын үйден 600 пәтер берілді, оның ішінде кезекке тіркелген отбасыларға 269 пәтер берілді, қалған пәтерлер аталған банк салымшыларына несиеге берілді.

Атырау қаласында жауған қатты нөсерлі жаңбыр салдарынан зардап шеккен  апатты үй тұрғындарына желтоқсан айында Нұрсая ық-шамауданындағы мемлекеттік тұрғын үй  қорындағы пәтерлер есебінен 30 пәтермен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, Нұрсая ықшамауданынан апатты жағдайдағы Құлманов көшесіндегі №133 үй, Қожақаев көшесіндегі  №19, 23 үйлер, Бейбітшілік көшесіндегі №68 үй,  Махамбет көшесіндегі  №97 жатақхана, Сырдария көшесіндегі  №1 жатақхана тұрғындарына – 128 пәтер бөлінді.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі  бағдарламасы» аясында «Терможаңғырту»  бағыты бойынша Атырау қаласында  қайтарымды қаражат есебінен  2016 жылы  5 көп қабатты тұрғын үйлердің (Авангард 2-№10, Авангард 3-№31, 46, 48, 53)  күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

54521812d9abd

Білім беру

Бүгінгі күні орта білім беру саласында 56 жалпы білім беретін  мектеп жұмыс істейді.  Жалпы оқушылар саны 54 215 адам.

Қала бойынша мектеп жасына дейінгі 113 ұйым бар, оның 41 мемлекеттік балабақша, 28 жекеменшік балабақша, 38 мемлекеттік шағын орталық, 6 жекеменшік шағын орталық, жалпы 18 045 бүлдіршін тәрбиеленуде. Қала бойынша 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 58,7%,  3-6 жас аралағындағы балаларды қамту 85%-ды құрайды. Кезекте тұрған балалар саны – 12 327.

Қала бойынша  апатты мектептерді жою  мәселесі  шешілуде.  Балықшы ауылдық округіндегі Отаралиев атындағы мектептің құрылысы салынуда.

Үш аусымдық оқытуға жол бермеу  мақсатында Нұрсая ықшамауданында  624 орынды мектептің және  техникалық гимназия жаңа  ғимаратының құрылысы және Жұлдыз ықшамауданындағы 624 орынды мектеп құрылысының жұмыстары басталды.

Өткен жылы  демеушілік  қаржы  есебінен  салынып жатырған  Вокзал маңы  ықшамауданындағы 280 орындық  балабақша ғимаратының құрылысы және 320 орындық Ұлттық гимназия мектебінің құрылысы аяқталып, іске қосылды.

Реконструкциядан өткен «Ақ бота» (160 орындық) іске қосылды.

2016 жылы  №15 Абай, №25 Б.Момышұлы, №26 С.Датов, Амандосов атындағы орта мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

1-4 сыныптар  аралығында  мектеп оқушыларын сапалы ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылып, 27 506 оқушы  ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

56 мектепті материалды техникалық жарақтандыру мақсатында 11322 дана парта, 1606 дана тақта, 1641 комплект компьютерлер, 35 химия кабинеті сатып алынды.

51 білім беру ұйымдары қазіргі заманғы  бейнебақылау жүйесімен қамтылды.

Білім беру мекемесінен 3 шақырымнан қашық орналасқан балаларды  тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылып,  14 мектептің  3359 оқушысын мектепке жеткізу жүзеге асырылды. 2016 жылы №4 Гагарин және №19 Сәтбаев атындағы орта мектептерге Нұрсая мен Самал жаңа ықшамаудандарындағы балаларды мектепке тасымалдау үшін 2 ПАЗ автобусы сатып алынды.

DSC_0026

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық

Өткен жылы қалада 29 104 дана жасыл-желектерге,   8788 п/метр бұта қоршауларына және 42 079 шаршы метрді құрайтын  қаланың  20 учаскесіндегі: Азаттық, Сәтбаев, Владимирский, Балықшы, З.Ғұмаров, Тайманов, Берғалиев, Әуезов, Қ.Смағұлов, Махамбет, Пушкин, Құрманғазы, Әлиев, Сатыбалдиев көшелеріндегі, Әбілхайыр хан даңғылындағы, Сәтбаев-Құрманғазы, Амандосов-Берғалиев  көшелерінің қиылыстарындағы, Драма театр маңындағы және басқа  да аумақтардағы  газондарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.

Қаланы көгалдандыру бойынша 190 дана шағын сәулеттік пішіндегі  гүлзарлар  және  жалпы аумағы 10 736 шаршы метрді құрайтын 17 учаскеге: Сәтбаев-Құрманғазы, Владимирский-Құрманғазы, Сәтбаев-Пушкин, Әуезов-Азаттық, Махамбет-Азаттық, Абай-Азаттық, Берғалиев-Амандосов, Тайманов-Құрманғазы көшелерінің қиылыстарына, Х.Досмұхамедов атындағы университет, Драмалық театр, әуежай ғимараты аумақтарына, Сатыбалдиев көшесіндегі жол айрығына, Жеңіс саябағына, Исатай-Махамбет алаңына, «Атырау» (жол орамы) жазбасына және басқа да  учаскелерге  гүлзарлар отырғызылды.

Атырау қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлер аулаларына 20 дана  балалар ойын алаңы орнатылды. (Құнанбаев көшесі №20 үй аумағы, Нұрсая ы/ауданы №27, 56, 66, 60 үйлер аумағы, Құрманғазы көшесі №1 және 1а үйлер аумағы, Авангард 4 ықшамауданы №13 үй аумағы, Сәтбаев көшесі №5а үй аумағы, Құлманов көшесі №154 үй аумағы, Сары-Арқа ы/ауданы №30,31 үйлер аумағы, Тайманов көшесі №58 үй аумағы, Жарбосынов көшесі №83в,85 және 87 үйлер аумағы, Орталық ықшамауданы №6 үй аумағы, Б.Момышұлы көшесі №21 үй аумағы, Махамбет көшесі №114а, 114 б үйлер аумағы, С.Датов көшесі №29,33 үйлер аумағы, СМП-136 №8 үй аумағы, Алмагүл ы/ауданы №17 үй аумағы, Валиханов көшесі №9а үй аумағы.)

Өткен жылы Атырау қаласы  аумағынан және қала маңындағы  елді мекендерден 648 мың текше метр қоқыс шығарылды. Қала және елді мекендерге 290 дана арнайы қоқыс алаңшалары орнатылды. 632 дана арнайы қоқыс жәшігі,  4 дана самосвал, 2 дана фронтальды жүк тиегіш,  10 дана қоқыс тасығыш, 5 дана вакуум, 1 дана манипулятор, 7 дана «Беларусь» тракторы және 1 дана автогрейдер техникасы сатып алынды.

DSC_0343

Ішкі және жастар саясаты

Жастар саясатын жүзеге асыруда тиімді жетістіктерге жету үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік тапсырыс қорытындысы бойынша  қоғамдық бірлестіктермен  қала көлемінде  75-ке жуық түрлі шаралар өткізілді. 2016 жылы  қаладағы жастар саны  74747 (15-28 жас аралығындағы жастар – 65685), ол шамамен қала тұрғындарының 25,7%-ын құрайды.

Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау және дін саласындағы ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында қала тұрғындарының, ірі кәсіпорнын мекемелер, сауда орталығы, жастардың (студенттер, мектеп оқушылар) мектеп мұғалімдері мен спортшылардың қатысумен қала аумағындағы арнаулы орта оқу орындарында, мектептерде, ауылдық округтерде барлығы 40 кездесу өткізіліп, 2000 мыңға  жуық адам діни бағытта мағлұмат алды.

72893_b0

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру

«Үдемелі индустриалды инновациалық даму мемлекеттік» бағдарламасы аясындағы  жаңа жобалардың  іске асырылуы,  шағын және орта бизнестің дамуы  өткен жылы 9499 жаңа жұмыс орнының  (2015 жылы-9233 орын) ашылуына ықпал етті.

2016 жылы жұмыспен қамту органына жұмысқа орналастыру  мәселесі бойынша 7463 адам өтініш білдірді. Олардың ішінен  4270 адам  жұмысқа орналастырылды, 908 жұмыссыз кәсіби  оқытуға тартылып, 1117 адам уақытша жұмыстарға қатысуға мүмкіншілік алды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 189 адам  тартылып,  452 жас маман   Жастар тәжірибесінен  өтті.

Тұрғындардың мақсатты топтарына кіретін  тұлғаларды  әлеуметтік қорғау  аясында 358 жанұяға  атаулы әлеуметтік көмек,  18 жасқа дейінгі балалары бар 1218 отбасына  мемлекеттік  жәрдемақы, 493  аз қамтылған отбасына  тұрғын үй көмегі,   үйден оқитын  169 мүгедек балаға  материалдық көмек,   аса мұқтаж 1331 отбасына  және  әртүрлі мерекелік және мерейтойлық  күндерге 4059 азаматқа біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

2016 жылы 130 мүгедекке ымдау тілі маманы бөлініп, 282 мүгедек жеке көмекшілердің қызметін пайдалануда.  535 мүгедек   қажетті  жүріп  тұру, тифло-сурдотехникалық  құралдарымен  және мүгедектердің жеке  бағдарламасына сәйкес  сауықтыру  шипажайына жолдамамен қамтамасыз етілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз