«Атырау-Ақпарат» Кубогының іріктеу кезеңінде Жылыой ауданы әкімдігінің командасы жеңімпаз атанды (ФОТО)

ФУТБОЛ 370 Жаңалықтар

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басым бағыттарды насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің шағын футболдан облыстық турнирге Құлсары қаласында өткен іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.

ФУТБОЛ 370

Турнирге барлығы алты команда қатысып, қызықты әрі тартысты ойын көрсетті. Спорттық додада ойыншылар облысқа жолдама алу үшін барын салды.

ФУТБОЛ 237

Үшінші орын үшін сынға түскен Қосшағыл ауылдық округінің құрама командасы мен «Асылжан» командасының жігіттері шаршы алаңда шеберліктерін көрсетіп бақты. Нәтижесінде үшінші орын «Қосшағыл» командасы ойыншыларының еншісіне бұйырды. Ал жарыстың күміс жүлдесін «Қамыскөл» командасы иеленсе, аталмыш команданы 4:2 есебімен жеңген, аудан әкімдігі атынан қатысқан «Геолог» командасының жігіттері жүлделі І орынды жеңіп алды.

ФУТБОЛ 265

Тартысты ойын барысында ерекшелігімен көзге түскен «Қамыскөл» командасының ойыншысы Амандық Дүйсенғалиев «Үздік ойыншы» атанса, қарсыластың соққыларын қалт жібермеген «Қосшағыл» команданың қақпашысы Жалғас Берденов «Үздік қақпашы» атағына ие болды. Сонымен қатар, «Геолог» командасында үздік ойын үлгісін көрсете білген Әлібек Амандықов «Үздік шабуылшы» атағына лайық деп танылса, «Қамыскөл» командасының ойыншысы Дәулетжан Төлеуов «Үздік қорғаушы» атанды.ФУТБОЛ 241

Қатысушылар мен жеңімпаздарды аудандық «Кең Жылой»» газетінің бас редакторы Сәулеш Шәтенова мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сансызбай Баймұратовтар марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыс етті.

ФУТБОЛ 329

ФУТБОЛ 338

ФУТБОЛ 284

ФУТБОЛ 355

ФУТБОЛ 373

ФУТБОЛ 363

ФУТБОЛ 370

ФУТБОЛ 281

 

Перизат ҚИЗАТОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз