«Атырау-Ақпараттың» Кубогінің іріктеу кезеңінде Индердің спорт кешені құрамасы жеңімпаз атанды (ФОТО)

GLAVNOE PHOTO Жаңалықтар

Индер ауданында «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің ұйымдастыруымен кіші аяқ добынан турнир өз мәресіне жетті. Он команда қатысқан сайыста Бөдене мен Есбол ауылының және С.Сейфуллин мектебі мен аудандық спорт кешенінің құрамалары үздік саналып, ақтық сында бір-бірімен кездесті.

GLAVNOE PHOTO
Сонымен үшінші орын үшін сынға түскен Бөдене мен Есбол ауылының ойыншылары жанкүйерлерді біраз әбігерге түсірді. Себебі 2:0 есебімен ұтып жатқан бөденеліктерді есболдық жігіттер әп-сәтте қуып жетіп, жеңісті қолдан тартып алды. Сөйтіп, үшінші орын Есбол ауылы футболшыларының қанжығасында кетті. Ал, жарыстың күміс жүлдесін С.Сейфуллин мектебінің командасы еншілесе, «Спорт» кешенінің құрамасы алтыннан алқа тақты. Тұғырдың төрінен көрінген бұл жеңімпаз команда енді облыстық турнирде ауданның намысын қорғайтын болады.

DSC_0236[1]Жарыс соңында «Есбол» командасының ойыншысы Нұрбол Есенов «Үздік шабуылшы», «Спорт» кешені командасының ойыншысы Еркін Демеуов «Үздік қорғаушы», Бөдене командасының ойыншысы Қасымхан Есенов «Үздік ойыншы» бағыттары бойынша марапатталды. Жүлдегерлердің байрақтарын аудандық «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің тілшілері Сүйеу Халықов пен Саламат Базарбаев, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Бисенбаев табыс етті.


DSC_0257
Осылайша, «Атырау-Ақпараттың» кубогы үшін болған жарыс жоғары деңгейде өтті.

DSC_0209[1]
DSC_0229[1]

Диас АЙБАРОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз