«Атырау-Ақпарат» ұжымы Құрманғазы ауданының халқымен кездесті (ФОТО)

ANU 0840 Жаңалықтар

«Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен бастау алған «Туған жер» этно-мәдени шарасы шеңберінде аталған ұжымның аудан халқымен кездесуі өтіп жатыр.

ANU_0840

Құрманғазы агро-техникалық колледжінде бастау алған кездесуді аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев ашып, жүргізіп отырды. «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі директорының орынбасары Рауан Сәбитұлы, облыстық «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары Нұрлан Қабылов пен «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева қоғамда қызу талқыланып жатқан Елбасы мақаласы туралы кеңінен ой қозғап, басым бағыттарына тоқталды.

ANU_0849

Кездесу барысында сөз алған ардагерлер мен аудан тұрғындары да өз ойларын ортаға салып, Елбасына мақаласы төңірегінде әңгіме өрбітті.

ANU_0957

ANU_0989

ANU_0843

Кездесу соңында жиналған көпшілік көкейде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

ANU_0861

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз