«Атырау-Ақпарат» кубогы сарапқа салынуда (ФОТО)

IMG 6359 Жаңалықтар

«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын басым бағыттарды насихаттау бағытындағы «Туған жер» этно-мәдени шарасы аясында аудандарда футзалдан іріктеу турнирін ұйымдастырған болатын.

IMG_6359

Бүгін мұнайлы астананың «Атырау» дене шынықтыру-спорт кешенінде «Атырау-Ақпарат» кубогі жолындағы шешуші кезеңінің ойындары басталды. Оған қала мен аудандардан барлығы сегіз команда қатысуда.

IMG_6361

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі директорының орынбасары Рауан Сәбитов, аталған турнирді ұйымдастыруды жыл сайынғы дәстүрге айналдыра отырып, өңірде спорттың бұқаралығын арттыруға, салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеуге үлес қосу екендігін жеткізді. Ал, «Атырау» футбол клубының бас бапкері Қуаныш Қабдолов спортшыларға сәттілік тіледі.

IMG_6360

Серіктестік кубогі үшін тартысты бәсекелерін Мақат, Жылыой, Құрманғазы аудандарының командалары сәтті бастады. Жарыс бүгін кешкісін мәреге жетпек.

IMG_6362

IMG_6363

IMG_6364

Бақытжан Жұмат

Суреттерді түсірген: Әнуар Әбілғазиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз