Атырауға христиан әлемі үшін қасиетті саналатын белдікті әкелді

Қабылдау Жаңалықтар

Еліміздегі орыс шіркеуінің Қазақстан және астаналық митрополиті Александр бастаған топ Атырауға христиан әлемі үшін қасиетті саналатын белдікті әкелді. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев делегация мүшелерін арнайы қабылдады.

Қабылдау

–Қазақстанда ешкім дініне, діліне, ұлтына қарап бөлінбейді.  Басты қағидамыз – «Бір ел, бір халық, бір тағдыр» мақсатымен бейбіт ғұмыр кешу. Ислам, христиан діндері қай кезде де халықты бейбітшілікке шақырады, ынтымақтастыққа үндейді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында елімізде дінаралық татулық берік орныққан, – деді облыс басшысы.

Дін өкілі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХV сессиясында ұлттар достығына ерекше мән бергеніне тоқталып, сондай-ақ, белдіктің қасиетін атап өтті.

–Ассамблея – елімізді мекен еткен сан этностың ашық пікір алаңы. Мұндай алаң басқа елде жоқ. Елбасы жаңғырудың үш бағытын атап айтты. Соның ішінде, рухани жаңғыру ­­– баянды болашақ кепілі, – деген митрополит Александр облыс басшысына  естелік сыйлық ұсынды.

Айгүл ЕРТІЛЕУ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз