Астана қаласының 20 жылдығына орай Атырауда қандай шаралар өтеді?

c Жаңалықтар

Атырауда «Астана қаласының мәдениет күндері» аталып өтіледі. Іс-шаралар кешені Елорданың 20 жылдығына орай ұйымдастырылады. Ендеше, қай жерде, не өтеді?

c

19 мамыр

19:00 – Астаналық «Жастар» театрының қойылымы. Өтетін орны: Халық шығармашылығы орталығының ғимараты.

19:00 – «Астанаға арнау» атты Н.Жантөрин атындағы филармония ұжымының гала-концерті. Өтетін орны: Cұлтан Бейбарыс алаңы (облыстық әкімдіктің алды).

20 мамыр

17:00 – «Атырау-Орал» тас жолында Елорданың шығармашылық ұжымдарын қарсы алу (120 адам).

19:00 – Астаналық «Жастар» театрының қойылымы. Халық шығармашылығы орталығы ғимараты.

20:00 – Атырау облысының вокалды-аспаптық ансамбльдерінің шеруі. Сұлтан Бейбарыс алаңы.

21 мамыр

19:00 – Астаналық «Жастар» театрының қойылымы Халық шығармашылығы орталығының ғимаратында болады.

19:00 – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік шара. Өтетін орны: Н.Жантөрин атындағы филармония.

22 мамыр

10:00-18:00 – Астанадағы Тәуелсіздік сарайының көрмесі Ш.Сариев атындағы өнер музейінде өтеді.

19:00 – «Астанадан ақ тілек» атты гала-концерт сұлтан Бейбарыс алаңында ұйымдастырылмақ.

23 мамыр

10:00-18:00 – Астанадағы Тәуелсіздік сарайының көрмесі. Ш.Сариев атындағы өнер музейі.

19:00 – Астана қаласының Академиялық оркестрінің концерті. Өтетін жері: Cұлтан Бейбарыс алаңы.

Хорлан Смадияр

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз