Ашық қоғам – жетістік бастауы

29193353.426397.7887 Жаңалықтар

Atr.kz/4 қыркүйек, 2019 жыл. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өзінің сайлауалды платформасында көрсеткен басты 10 бағыт бойынша нақты шараларды негізге алған.

Қоғамдағы маңызды мәселелер де құжат аясынан тыс қалмаған. Бүгінгі күнгі қоғамның көкейтесті түйткілдері мен түрлі көзқарастарын  билік тарапынан тыңдай білу  қажеттілігі түсінікті болды. Президенттің халыққа Жолдауындағы басты тұғыр – қоғам мен биліктің арасындағы тиімді, үйлесімді сұхбат арқылы жетістікті мемлекет құру. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасымен азаматтардың сауалдарын жерде қалдырмайтын тыңдаушы мемлекет концепциясын жүзеге асыру бағытында барлық мемлекеттік органдарды халықпен белсенді қарым-қатынастар жасауды, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы тиімді байланыс орнатуды тапсырды. 

Жолдаудың басты айтар ойы – қоғаммен ашық сұхбат, саяси жүйені жаңғырту, көппартиялылық және саяси плюрализм, мемлекеттік кадр саясаты, жастарды қолдау, құқыққорғау және сот жүйесіне реформа жасау секілді мәселелер.                                                                                                                                                                                                                                                          Дамыған азаматтық қоғам мен орта буынды топ – тұрақты және қуатты мемлекеттің негізі. Сол себепті де Президент Жолдауында азаматтық қоғамды қолдау, ҮЕҰ мәртебесін арттыру шаралары ерекше орын алады.                                                      

 Жаннат НҰРТІЛЕУОВА,

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз